ChatGPT жасанды интеллект платформасының әзірлеушісі саналатын америкалық OpenAI компаниясы енді Өзбекстан аумағында электронды қызмет көрсететін ресми шетелдік жеткізуші ретінде тіркелді.
Бұл жөніндегі ақпарат Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетінің сайтында жарияланды.
Компания енді республика аумағында ресми түрде қызмет көрсетіп, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейтін болады.
2023 жылдың соңында OpenAI Өзбекстан қолданушылары үшін тіркелу мүмкіндігін іске қосып, өзбек банктерінің карталарынан төлем қабылдай бастады.
Еске сала кетсек, 2020 жылдан бері Өзбекстанда шетелдік электрон платформаларға салық органдарына тіркелу талабы қойылған болатын. Содан бері Google, Amazon, Meta және басқа да көптеген ірі компаниялар осы тізімге енді. 2025 жылдың қаңтар айында eBay компаниясы да Өзбекстанда тіркеліп үлгерді.
OpenAI-дың бұл қадамы – Өзбекстанда жасанды интеллект, цифрлық қызметтер және технологиялық даму салаларына деген қызығушылық пен ашықтықтың айғағы болып отыр.