Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Омикрон штаммының жаңа симптомдары белгілі болды
09:42 / 2021-12-01

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Унбен Пиллай коронавирустың жаңа «омикрон» штаммын жұқтырғандардың белгілері туралы айтып берді.

Bloomberg басылымының хабарлауынша, әзірге ауру «өте жеңіл» түрінде көрініс берген, бірақ «бірдеңе айтуға әлі ерте».

"Біз тұмау белгілері, құрғақ жөтел, температураның көтерілуі, түнгі терлеу және дене ауруы бар науқастарды көрдік. Менің ойымша, бұл біз көрген COVID-19-дың барлық басқа толқындарымен сәйкес келеді", - деді Пиллай.

Бұған дейін Оңтүстік Африка медициналық қауымдастығы қатты шаршауды коронавирустың омикрондық штаммының негізгі симптомы деп атаған. Сонымен қатар, пациенттердің ешқайсысы дәм мен иіс сезімін жоғалтпағаны айтылған еді.