Сенат Төрағасы Танзила Нарбаева Олий Мажлистің Адам құқықтары жөніндегі өкілі (Омбудсмен) институтының 29 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференцияға қатысу үшін Өзбекстанда қонақ болып отырған Венгрия, Италия, Қырғызстан, Марокко, Моңғолия, Түркия омбудсмендерімен кездесу өткізді.
Адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Өзбекстан Омбудсмені әлемнің 50-ге жуық мемлекетінің, соның ішінде Америка, Еуропа, Азия, ТМД елдерінің омбудсмендерімен ынтымақтастық байланысын орнатқан.
«Алдымен, Өзбекстанда адам құқықтарын қорғау саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, Омбудсмен тарапынан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау үшін қолданатын ықпал ету шаралары мен тетіктері туралы айтылды.
Адам құқықтары саласына қатысты нормативтік құжаттарды қабылдау және жетілдіру Омбудсмен институтын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы өкілеттіктері мен тиімділігін арттыруға түрткі болғаны айтылды», делінген хабарламада.
Өз кезегінде қонақтар Өзбекстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалап, жаңа Конституцияға сәйкес Омбудсмен институтына заң шығарушы бастама ретінде Парламенттің төменгі палатасына заңнамалық ұсыныстар енгізу құқығы берілгеніне алғыс білдірді.
Сындарлы және практикалық рухта өткен кездесу соңында шет мемлекеттердің омбудсмендерімен тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді жалғастыруға келісілді.