Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддинжон Исмаилов бастаған парламенттік делегация Қазақстан Республикасына ресми сапармен барды.
Сапар аясында 2022 жылғы 9 ақпан күні Парламенттің төменгі палатасының спикері Н.Исмаилов Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақ елінің басшысы жылы қарсы алып, елдеріміздің берік достық пен тату көршілік, ортақ мәдени құндылықтарға негізделген берік және достық қарым-қатынастар орнатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын одақтық деңгейге шығаруға септігін тигізген Шавкат Мирзияевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындысын жоғары бағалады.
– Өзбекстан Қазақстан үшін бауырлас ел және сенімді серіктес, сондықтан біз қарым-қатынасымызды дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Біздің одақтастық қарым-қатынастарымыз саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық және мәдени салаларды қоса алғанда, кең ауқымды қамтиды. Бұл тұрғыда парламенттік дипломатияның алатын орны ерекше, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Нуриддинжон Исмаилов, Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Өзбекстан Президентінің шынайы тілегі мен ыстық сәлемін жеткізді.
Кездесу барысында тараптар жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру барысы мен кең ауқымды екіжақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.