Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Олимпиадада алтын алған өзбекстандық спортшы 200 мың доллар сыйақы алатын болды
13:31 / 2021-06-26

Олимпиада және Паралимпиада ойындарында жүлделі орындар алған өзбек спортшыларына сыйлық ретінде берілетін ақшалақ марапат көлемі белгілі болды.

«2021 жылы Токио ХХХII жазғы Олимпиадалық және XVI Паралимпиадалық ойындарға Өзбекстан спорт делегациясының қатысуын қамтамасыз ету және олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамыту шаралары туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысы жарияланды.

Қаулыда спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету, төртжылдықтың ең маңызды стартына делегацияның лайықты қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беру сияқты міндеттер қарастырылған.

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған Өзбекстанның спортшылары бір реттік ақшалай сыйлықпен марапатталады:

  • алтын медаль үшін - 200 мың доллар;
  • күміс медаль үшін - 100 мың доллар;
  • қола медаль үшін - 50 мың доллар;