Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Олимпиада ойындарының нақты өтетін күні белгілі болды
19:33 / 2020-03-30

Коронавирустық індеттің жер жаханға таралуының арқасында өтпей қалған Олимпиадаға Жапония 12 миллиард доллар қаржы жұмсаған


Хабарыңыз бар биылғы Токио-2020 жазғы спорттық ойындар Олимпиадасының өту мерзімі әлемдік пандемияға байланысты келесі 2021 жылға көшірілген болатын.

Осы жағдайға байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті, Жапония үкіметі, «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті мен Токио қалалық әкімшілігі бір тоқтамға келіп, 32-ші Олипиада және Паралимпиада ойындарын 2021 жылдың шілде айының соңына таман басталарын жариялады. Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталып, 8 тамызда аяқталады. Ал Паралимпиада ойындары 24 тамыздан 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Коронавирустық індеттің жер жаханға таралуының арқасында өтпей қалған Олимпиадаға Жапония 12 миллиард доллар қаржы жұмсаған. Сарапшылардың пікірінше жазғы ойында жарысын көшіргендік жарнамасына тағыда 1 миллиард доллар көлемінде қаржы кетуі мүкін дейді.