Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Олимпиада алауын алып жүру дәстүрі Спартада тоқтатылды
15:58 / 2020-03-14

Эстафетаның Грекия жерінде 600 адам қатысуымен алау елдің ондаған қалалары арқылы 3200 км жүруіп өтуі керек еді


Грек Ұлттық Олимпиада Комитеті 2020 жылы Токиода өтетін жазғы ойындар алдынан өткізетін Олимпиада алауы эстафетасын шұғыл түрде тоқтатуға шешім қабылдаған.

Олимпиада алауын алып жүру дәстүрі жоспар бойынша көрерменсіз өтуі керек болып, осы дәстүрдің екінші күнін жалғастыру үшін Спартаға келген голливуд актеры шотландтық Джерард Батлерді көруге халықтың алаңға көптеп шығуының арқасында, коронавирустың тарау қауіпі жоғары болғандықтан Грекия олимпиада комитеті осы жағдайды шұғыл тоқтатуға шешім қабылдаған.

Эстафетаның Грекия жерінде 600 адам қатысуымен алау елдің ондаған қалалары арқылы 3200 км жүруіп өтуі керек еді. Осы қашықтық тоқтатылуына қарамай Олимпиада алауы 19 наурыз күні жарыс ұйымдастырушы ел Жапония өкілдеріне табысталады. Сол күні Алау ұшақта Жапонияға жеткізіліп, ары қарай мемлекет аумағында алып жүріліп 24 маусым күні ресми Олимпиаданың ашылу салтанатында тоқтайды.