Өзбекстан Республикасы Спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасымен елордадағы Олимпиада қалашығына баспасөз туры ұйымдастырылды.
Онда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері спортшыларымыз үшін салынған заманауи нысандармен жақыннан танысты.
Қалашықтағы әрбір нысан туралы мамандар тарапынан жан-жақты ақпарат беріліп, онда қолданылған озық технологиялар, заманауи жабындар және әлемдік стандарттарға сай жүргізілген құрылыс жұмыстары жайлы сөз қозғалды.
[gallery-25178]
Кешендегі негізгі нысандар туралы деректер: басты стадиондағы көрермендер сыйымдылығы – 12 152 адам, велодромда – 2 187 адам, су спорты түрлері кешенінде – 2 222 адам, командалық спорт түрлері аренасында – 2 016 адам, ал жекпе-жек спорт түрлері кешенінде – 2 067 адамды құрайды. Сондай-ақ кешен аумағында велоспорттың BMX бағытына, көгалдағы хоккейге, 3х3 баскетболға, теннис сияқты спорт түрлеріне арналған алаңдар да салынған.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА