Оксана Чусовитина Түркияда жүлдегер атанды
Өзбекстан құрамасының мүшесі Оксана Чусовитина Түркияның Анталия қаласында өткен «World Challenge Cup» кезекті кезеңіне сәтті қатысты.
Оксана атаулы жарыста екінші орынмен күміс медальді жеңіп алды. Бұл жарыстарда Тяса Киселеф (Словения) алтын, Грета Маер (Венгрия) қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Оксана Чусовитина 2023 жылдың қыркүйегінде Түркияның Мерсин қаласында өткен «World Challenge Cup» алтын медаль жеңіп алған болатын.