Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оксана Чусовитина Токио Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтайды
11:46 / 2019-10-29

Оксана 1992 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі өткен жеті олимпиада ойындарының барлығына қатысқан


Спорт гимнастикасы бойынша 1992 жылғы Олимпиада чемпионы және әлемдік рекодшы, Өзбекстан құрамасының мүшесі Оксана Чусовитина мансабын келесі жазда аяқтайтынын мәлімдеді. Қазірде 44 жастағы спортшы Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындары өз мансабындағы соңғысы болатынын айтқан.

«Бұл мен қатысқан соңғы Олимпиада болады. Сосын мен үлкен спорттағы мансабымды аяқтаймын. Бірақта спорттан алыстамай Өзбекстандағы балалар мен жасөспірімдер спортының өркендеуіне көмектесіп, спортпен өмір сүруді жалғастырамын»,-деген Оксана Чусовитина.

Оксана Чусовитина Бразилияда өткен Рио-2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысып рекорд орнатқан еді. Ол сонда жетінші рет қатысқан және Олипиададағы жасы ең үлкен спортшы атанған. Ал келесі жыл Токио-2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алып ол бұл рекордын жаңартты.