Өзбекстандық гимнастикашы Оксана Чусовитина Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кезеңінің финалдық бағдарламасына қатысып алтын медалға ие болды.
Әйгілі гимнастикашы секіру гимнастикасы бойынша 13,433 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол медальға басты үміткер болған венгриялық және ресейлік қарсыластарын басып озды.
Спорттық гимнастикадан әлем кубогы, Доха (әйелдер сайысы):
1. Оксана Чусовитина (Өзбекстан) – 13 433
2. Мария Баскай (Венгрия) – 13 150
3. Виктория Листунова (Ресей) – 13,133
Спорттағы мансабын 1992 жылдан бастап 2020 жылға дейін өткен сегіз Олимпиада ойындарының барлығына қатысқан Оксана Чусовитина жазғы ойындар тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп Гинестің рекордтар кітабына енген болатын. Ол осы XXXII Олимпиада ойындарынан кейін мансабын аяқтайтынын жариялап, арадан аз уақыт өткен соң: «Мен 2022 жылғы Азия ойындарына қатысуға шешім қабылдағанымды жариялағым келеді. Спорттағы мансабымды медальсыз аяқтағым келмейді», - деп қайта спортқа оралған еді.