Оксана Чусовитина үлкен спортқа оралатынын жариялады
Өзбекстандық әйгілі гимнастикашы Оксана Чусовитина үлкен спортқа оралатынын мәлімдеді.
Сегіз дүркін Олимпиада қатысушысы және жеңімпазы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлап: «Мен 2022 жылғы Азия ойындарына қатысуға шешім қабылдағанымды жариялағым келеді. Спорттағы мансабымды медальсыз аяқтағым келмейді», - деп жазған.
Естеріңізге сала кетсек, Оксана Чусовитина Токио-2020 Олимпиадасынан кейін спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Ол 2016 жылы 7 рет Олимпиадаға қатысқан спортшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген еді. Ал, Токио-2020 Олимпиадасы оның сегізінші жарысы болды.