Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Одри Азуле ханым Өзбекстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталды
16:52 / 2025-10-30

Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Өзбекстан Республикасы мен ЮНЕСКО арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және оны жаңа деңгейге көтеру, соның ішінде ғылым, білім және мәдениет салаларындағы байланыстарды дамытуға қосқан зор еңбегі, халқымыздың көне тарихын, бай мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін әлемдік деңгейде насихаттаудағы айрықша үлесі, еліміз ұсынған бастамаларды жан-жақты қолдағаны, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы мәдениеттер үнқатысуын тереңдету, достық пен бірлікті нығайту жолындағы жемісті қызметі үшін ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле ханым Өзбекстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталсын.

Өзбекстан Республикасының Президенті
Шавкат Мирзиёев