Одил Ахмедов Қытай Суперлигасының басқа клубына өтті
Футболдан Өзбекстан құрамасы капитаны Одил Ахмедов Қытайдың «Шанхай СИПГ» клубынан «Тяньцзинь Тэда» сапына өтті
Футболдан Өзбекстан құрамасы капитаны Одил Ахмедов Қытайдың «Шанхай СИПГ» клубынан «Тяньцзинь Тэда» сапына өтті.
Клуб басшылығы ресми түрде 32 жасты өзбекстандық жартылай қорғаушының трансферін жариялап, футболшыны таныстырған. Бірақ келісімшарт жөнінде ақпарат көрсетілмеген.
Одил Ахмедов бұған дейін шанхайлық клуб сапында 98 рет алаңға шығып 10 гол соққан және Қытай Суперлигасы мен Суперкубогында чемпион атанған. Енді Ахмедов «Тяньцзинь Тэда» командасы сапында 31 нөмірде ойнайды.
«Тяньцзинь Тэда» клубы қазіргі кезде Қытай Суперлигасында 10 ойын өткізіп 1 ұпай есебінен соңғы орында келеді. Осы кезең аясында команда қарсы клуб қақпасына 7 гол соғып, өз қақпасынан 25 гол алып шыққан.