Octagon league: Өзбекстандық бапкер үздік атанды
Аралас жекпе-жектен Fight Baza клубының бас бапкері өзбекстандық Дмитрий Худяков Қазақстанның Octagon лигасы нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.
«Оctagonleague» хабарлауынша, өткен жылы лиганың үздік жаттықтырушысы болып танылған Дмитрий Худяковтың шәкірттері 2023 жылы түрлі жарыстарда топ жарған.
Атап айтқанда, оның төрт шәкірті Мухаммеджан Қурбанов, Достон Бозоров, Ислам Болтаев, Анвар Абдуллаев өткен жылғы Octagon лигасының жарыстарында әртүрлі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Достон Бозоров пен Ислам Болтаев өз салмақ дәрежелерінде Interim, яғни уақытша чемпиондық белбеулердің иегерлері.