6 мамырда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен шетел тілін оқыту сапасын арттыру жөніндегі бейнеконференциялы жиын өтті.
Бүгінгі отырыста шетел тілдерін оқытуда үкіметтік емес оқу орындарымен және Биританиялық кеңес, Гете институты, Француз альянсы, KOICA, JICA, Конфуций институты сынды шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігі айтылды.
Мысалы үшін, шетел тілі мұғалімдерінің 90 пайызы (46 мың) ағылшын тілінде маманданған, ал шығыс тілдері (қытай, корей, түрік, араб, парсы) Ташкенттен басқа жерлерде сирек оқытылады.
Сондықтан, Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы елшілерімен бірге өздеріне бекітілген аймақтарда кем дегенде 2-3 шет тілін оқыту орталықтарын құруға және өздері жұмыс істейтін елдерден білікті мұғалімдер мен еріктілерді тартуға жауапты болады.
Министрлікке сонымен қатар БҰҰ-ның Өзбекстандағы кеңсесімен бірге Әлемдік экономика және дипломатия университетінде шетел тілдерін тереңдетіп оқыту орталығын құру тапсырылды.
Жиын барысында Өзбекстандағы шет тілдерді оқыту орталықтарының негізгі бөлігі Ташкентте орналасқаны, сондықтан облыс, аудан және қала әкімдеріне 1 шілдеден бастап ауылдық жерлерде 5 үкіметтік емес шет тілдерін оқыту орталықтарын құруға тендер жариялау тапсырылды.