Обама жазған кітап сатылым бойынша рекорд орнатты
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың «A Promised Land» (Жерұйық) атты кітабының бірінші томы сатылымның алғашқы күнінен-ақ рекорд орнатты.
«The Guardian» мәліметіне сәйкес, Обаманың кітабы бір тәулікте 890 мың дана сатылған.Бұл кітап президенттер жазған естеліктер арасында бестселлерге айналуы мүмкіндігі жайлы сөз айтылады.
18 қарашада атаулы кітап «Amazon.com» және «Barnes & Noble.com» сайттарындағы сатылымның көшін бастап, «Barnes & Noble» компаниясының атқарушы директоры Джеймс Донттің айтуынша, бір күнде кітаптың 50 мыңнан астам данасы сатылған.
Бұған дейінгі кітап саудасының тәуліктік рекорды Барак Обаманың әйелі Мишель Обаманың «Becoming» (Менің тарихым) атты кітабына тиісті. Сол кезде кітаптың бір күнде 725 мың данасы сатылған.