Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Кореядағы өрттен 38 адам қаза тапты
09:55 / 2020-04-30

Ичхон қаласындағы құрылыс алаңындағы қоймада болған өрттен 38 адам қаза тауып, 10 кісі жарақат алған


Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласындағы құрылыс алаңындағы қоймада болған өрттен 38 адам қаза тауып, 10 кісі жарақат алған.

Мемлекет өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша жалын 4 қабатты ғимаратта күндіз түскі кездері байқалған болып, ол нысанның жертөлесіндегі құрылыс жұмыстары боп жатқан жердегі газ балонының жарылуынан келіп шыққан. Содан кейін өрт бүкіл ғимаратқа жайылуының нәтижесінде 40-қа жуық жан құрбан болып, 10 кісі жақат алған. Олардың 8-і ауыр жағдайда. Хабарда айтылуынша құрбандар санының көп болуы жарылыстан кейін ғимаратқа тараған түтіннің кесірінен эвакуациялауға көп уақыт кеткен, соның салдарынан осы жағдай орын алған. Ғимаратта 78 жұмысшы болған қазірге олардың бірнешеуі қайда екені белгізсіз болып, іздестіру жұмыстары жалғасуда.