Оңтүстік Кореяда мәжбүрлі екпеден кейін 13 адам қайтыс болды
Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы мәжбүрлі вакцинациядан 13 адам қайтыс болғанын хабарлады
Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау министрлігі тұмауға қарсы мәжбүрлі вакцинациядан 13 адам қайтыс болғанын хабарлады.
22 қазанда жарияланған департамент ақпаратында, алғашқы өлім туралы 16 қазанда Инчхонда тіркелген: 17 жастағы студент вакцинациядан кейін көп ұзамай көз жұмған. Содан кейін осындай жағдай Сеулде, Кенгидо провинциясында және басқа аудандарда да тіркеліп, қаза тапқандардың дені егде адамдар, деп хабарлайды ТАСС.
Дәрігерлердің айтуынша кем дегенде алты жағдайда тергеу жағдайында вакцинация мен өлім арасындағы тікелей байланыс таппағанын хабарлады. Ең көп таралған жағымсыз әсерлердің бірі болған анафилактикалық шоктың ықтималдылығы зерттелген кезде теріс нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, вакциналардан улы заттар табылмаған.
Бұл жағдайға байланысты елдің Денсаулық сақтау министрлігі биыл COVID-19 пандемиясының аясында тұмауға қарсы міндетті вакцинаны тоқтатуға негіз жоқ деп мәлімдеген.