Оңтүстік Корея соты бұрынғы президентті 20 жылға соттап, 15 млн доллар айыппұл салды
Пак Кын Хе 2017 жылы елдегі саяси дау-дамайдан кейін биліктен алынып, сыбайлас жемқорлық және өз мансабын асыра пайдаланғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылып, 20 миллиард вон айыппұл төлеу жазасына кесілген еді
Сеулдің Жоғарғы соты Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің қылмысын қайта қарап билікті асыра пайдалану және қаражатты мақсатсыз жұмсау фактісі бойынша айыпты деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.
«Yonhap» ақпарт агенттігі таратқан хабарламада 68 жастағы саясаткер пара алғаны үшін 15 жылға және биліктегі мансабын асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға сотталғандығымен қатар, 15 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі жөнінде сот үкімі шыққан.
Бұған дейінгі өткен апелляциялық сот отырысында прокуратура Пак Кын Хені осы қылмыстары үшін 30 жылға бас бостандығынан айыруды талап етіп, 19 миллион доллар айыппұл салуын сұраған.
Пак Кын Хе 2017 жылы елдегі саяси дау-дамайдан кейін биліктен алынып, сыбайлас жемқорлық және өз мансабын асыра пайдаланғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айыру мен 20 миллиард вон (19 миллион доллар) айыппұл салу жазасына кесілген еді.