Оңтүстік Корея «Mercedes-Benz» компаниясына рекордты соммада айыппұл салды
Компания 6 жыл көлемінде 12 модельдегі 37 000 көліктерден шығатын зиянды шығындылар туралы мәліметтерді жалған ақпаратпен жасырған
Оңтүстік Кореяда өндірісін жолға қойған Mercedes-Benz, Porsche және Nissan компаниясы көліктерде шығаратын зиянды шығындыларды жасырғаны үшін көп мөлшерде айыппұлмен жазаланады.
Компаниялар дизельді көліктерден шығарындыларды азайту үшін арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолданғандығы анықталған. Ол 2021-2018 жылдар аралығында шыққан 12 модельдегі 37 000 көліктерден шығатын зиянды шығындылар туралы мәліметтерді жалған ақпаратпен жасырған.
Анықталуынша C 200 d, GLC 220 d 4MATIC, GLC 250 d 4MATIC және ML 250 BlueTEC 4MATIC модельдері стандартты мүмкін болғаннан 13 есе көп зиянды қалдықтар шығарған. Сол себепті Корея үкіметі Mercedes-Benz компаниясына рекордтық мөлшерде 63,4 миллион доллар айыппұл салды.
Porsche және Nissan компаниялары да сәйкесінше 817,3 және 735,6 мың доллар көлемінде айыппұл төлейтін болған. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның қоршаған ортаны қорғау министрлігі аталған компанияларға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.