Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Африка елі шетелдік туристерді 2021 жылдан бастап қабылдауды жоспарлауда
09:47 / 2020-06-08

Соңғы деректерге сай Оңтүстік Африка елінде коронавирус жұқтырған 48 мыңнан астам адам тіркеліп, оның 24,364 мыңы емделіп шыққан. Ал бүгінге дейін бұл індеттен 998 кісі көз жұмғаны көрсетілген


Әлемдегі коронавирус жұқтырған жандар қатары 7 миллионнан асқан кезде Оңтүстік Африка елі биыл шетелдік туристерді қабылдамауды ұйғарып, халықаралық туризм маусымын 2021 жыл ақпан айынан ашуды жөн санауда.

Өйткені елдегі коронавируспен байланысты орнатылған шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетілгенімен туризм саласын жолға қою үшін бірнеше ай уақыт кетеді. Өткен аптадан бастап ОАР-да зауыт-фабрикалар мен дүкен, мектептер өз жұмысына қайта кіріскен болса да, қоғамдық ортада маска тағып жүру міндеттеліп, сыртта жүру уақыты таңғы 6- дан кешкі 6-ға дейін рұқсат етілген.

Үкіметтің адағы жоспары бойынша мемлекеттегі ішкі туризм саласыда жыл соңына дейін басталмайды, сондықтан түрлі демалыс орындары мен курорттар қызметіде желтоқсан айынан жұмысын тоқтатады. Бірақ адамдар қорықханаларға баруларына рұқсат берілген.

Соңғы деректерге сай Оңтүстік Африка елінде коронавирус жұқтырған 48 мыңнан астам адам тіркеліп, оның 24,364 мыңы емделіп шыққан. Ал бүгінге дейін бұл індеттен 998 кісі көз жұмғаны көрсетілген.