Ньюкасл клубы саудиялық шейхтарға сатылуына Британдық саясаткерлер қарсы шықты
Журналистің өлімінде айыпталған Сауд Арабиясының ханзадасына клубты сатпау жөнінде Премьер-министрге хат жолдаған
Британдық саясаткерлер Англия Премьер-лигасы қатарындағы «Ньюкасл» клубын Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның жақын серігіне сатпауды талап етіп, Ұлыбритания Премьері Борис Донсонға хат жолдаған.
The Telegraph басылымының хабарына сай, Ұлыбритания парламентінің 16 депутаты Сауд Арабиясы үкіметіне қарасты фондқа «Ньюкасл» клубының сатылу жөнінде келісімге қарсылық білдірген. Саясаткерлер бұл клубты сатып алушы инвесторлар саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның жақын серіктестері екендігін алға тарта тұрып, ханзада 2018 жыл Джамал Хашшогидің өлімінде оның айыпталғанын ескерткен және олардың «Ньюкасл» клубы басшысымен жасаған келісіміде дұрыс емес екенін айтқан.
Өйткені Премьер-лига басшылығы Сауд Арабиясы үкіметіне қарасты қордың футболды заңсыз тарататын қарақшылық ағындық қызмет «BeoutQ» арасындағы байланыстар бар деп күманданған.
Бұған дейін «Ньюкасл» клубы президенті Майкл Эшли Сауд Арабиясы үкіметіне қарасты қорға клубты сату жөнінде 345 миллион еуроға келісім жасаған еді. Содан кейін құжаттарды рәсімдеу үшін Премьер-лига басшылығына жіберілген.
Премьер-лига комиссиясы құжаттарды рәсімдейтін болса «Ньюкасл» клубының жаңа президенті болып Ясир Аль-Румайян тағайындағлмақ. Ол әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі «Saudi Aramco» директорлар кеңесінің төрағасы және Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман жақын серігі.