«Ньюкасл» клубы саудиялық шейхтарға сатылмайтын болды
Англия Премьер-лига басшылығы «Ньюкасл» клубын саудиялық инвесторларға сатылмайтынын мәлімдеді
Англия Премьер-лига басшылығы «Ньюкасл» клубын саудиялық инвесторларға сатылмайтынын мәлімдеді.
Премьер-лиганың мұндай шешім қабылдауының басты себебі ретінде көрсетілген құжатқа сай, саудиялық инвесторлар лига клубтары және директорлар алдындағы талапты орындамаған. Ал, «Ньюкасл» клуб басшылығы Премьер-лиганың бұл шешімімен келіспейтінін айтып, оны сатуда барлық мүмкіндікті пайдаланатынын айтқан.
345 миллион еуроға клубтың сатылуы жөнінде ақпарат шыққан кезде Ұлыбритания парламентінің бір топ депутаты Сауд Арабиясы үкіметіне қарасты фондқа «Ньюкасл» клубын сатпауы жөнінде қарсылық білдіріп, премьер-министр Борис Донсонға хат жолдаған. Хат мазмұнында клубты сатып алушы инвесторлар саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның жақын серіктестері екендігін айтылған.