Нью-Йоркте өзбек тілін оқыту орталығының жаңа ғимараты ашылды
Нью-Йорк қаласында «Mahalla USA» қоғамдық бірлестігі мен Өзбекстанның Бас консулдығы бірлесіп «Ziya Art» өзбек тілі орталығының жаңа ғимараты ашылды.
«Ziya Art» білім беру орталығы 2020 жылдың қыркүйегінде «Mahalla USA» жергілікті қауымдастық бірлестігінің жанынан құрылған. Орталықтың қызметі АҚШ-тағы отандастардың балаларына өзбек тілі мен әдебиетін оқытуға, оларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың рөлі мен маңызын арттыруға бағытталған.
Білім ошағында 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін өзбек тілі мен әдебиеті, компьютерлік сауаттылық сабақтары, бейнелеу өнері, математика сабақтары, сондай-ақ шахмат, самбо, күрес сынды спорттық үйірмелер ұйымдастырылған.
Жаттығулар сенбі және жексенбі күндері Өзбекстаннан келген оқу әдебиеттерін пайдалана отырып, конкурс негізінде іріктелген білікті мұғалімдер жүргізеді. Қазір орталықта айына 120-150 бала білім алуда.