БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хелга Мария Шмидпен кездесу өткізді.
Кездесуде В.Норов, Өзбекстан ЕҚЫҰ-ны әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және адами өлшемдегі қауіпсіздік мәселесі бойынша саяси диалогтың бірегей халықаралық платформасы деп санайтынын жеткізген.
Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық атап өтілді. 2021 жыл Трансұлттық қатерлерге қарсы күрес, адам құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, цифрлық және «жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ЕҚЫҰ жобаларын іске асыру бойынша «Жол картасы» қабылданды.
Х.Шмид Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды, әсіресе, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінгенін құптады.
Ресми Ташкенттің шетелдік әріптестермен ынтымақтастығы, аймақтық өзара тәуелділікті дамыту, атап айтқанда, көрші Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі талпыныстары жоғары бағаланды.
Сонымен қатар тараптар Өзбекстандағы ЕҚЫҰ қызметін одан әрі кеңейту мәселесін де талқылады.