French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нью-Йоркте тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, алты адам қаза тапты
10:04 / 2025-04-11

Нью-Йорктің Манхэттен орталығындағы алаңнан әуеге көтерілген жолаушылар тікұшағы көп ұзамай Гудзон өзеніне құлап түсті. Қайғылы оқиға салдарынан кемінде алты адам көз жұмды.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамстың мәлімдеуінше, апатта Испаниядан келген отбасы және ұшқыш (үш бала және үш ересек адам) қаза тапқан.

БАҚ дерегінше, мерт болғандардың арасында Siemens Spain концернінің испан филиалының басшысы Агустин Эскобар, оның жұбайы және үш баласы болған.

Бұл — 2018 жылдан бері Нью-Йоркте орын алған ең ауыр тікұшақ апаты болып отыр. Сол жылы ашық есікпен ұшқан экскурсиялық тікұшақ өзенге құлап. Нәтижесінде бес жолаушы қаза тапқан болатын.