Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нью-Йоркте «С5+1» форматында министрлер кездесуі өтті
16:20 / 2022-09-23

тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында АҚШ және Орталық Азия елдері мен «С5+1» форматындағы Министрлер кездесуі өтті.

Іс-шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен өкілдері тараптарды қызықтыратын салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

СІм дерегінше, Орталық Азияның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында «С5+1» форматындағы сауда-инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту жолдары туралы пікір алмасылды.

Өзбекстан делегациясының басшысы – Сыртқы істер министрі Владимир Норов «С5+1» маңызды коммуникациялық механизм болып табылатынын, құрылым аясында ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруда белгілі жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өткен. Өзбекстанның осы формат аясындағы бастамалары ретінде Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылығы және тоқыма өнеркәсібі салаларында халықаралық стандарттарды енгізу, баламалы көлік бағыттарын дамыту, «Жасыл күн тәртібін» ілгерілету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасалды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар  «С5+1» аясында жоғары және сарапшылық деңгейде тығыз диалогты жалғастыруға және практикалық нәтижелерге бағытталған нақты шараларды қабылдауға келіскен.