Нью-Йоркта әр 17 минутта бір адам қайтыс болуда
Трамп әкімшілігі қазірге бұл процеске төтеншелік енгізуге асығар емес
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында соңғы екі күн ішінде қаза тапқан адамдар санын, осы уақыт аралығына шаққанда әр 17 минутта бір азамат көз жұмған екен. Ал президент Трамп бұл жағдайға орай қалада төтенше жағдай жариялауға қазіге асығар емес.
Әлемдік пандемия жарияланғалы бүгінге келіп жер бетіндегі коронавирустың кең құлаш жайған жері АҚШ-тың үлесіне тура келуде. Дәл қазір 124 665 Құрама Штаттар азаматы осы індеттен ауруда. Ал Нью-Йорк ең көп қаза тапқан өлім мекеніне айналды, 672 жан.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше коронавирустың қауіпті өршуі АҚШ-тың түрлі аймағынан Нью-Йоркке шақыртылған дәрігерлердің санын 40 пайызға арттырған. Тез жәрдем бөлімдеріне күн сайын 6,5 мыңнан астам қоңыраулар соғылуда. Ал президент Трамп мына жағдайдың сәт сайын ұшығып баруына қарамай қалада төтенше жағдай жарияламауын айтты. Оның айтуынша қазірге мұның орайы емес, тек ресми карантинсіз федералды үкімет халықтың қатынасын шектейтін болады, деген.
Джон Хопкинс атындағы Америка университетінің арнайы коронавирусқа қатысты деректер сайтында жарияланған соңғы мәліметтерге сай жер бетіндегі науқастар саны 664 924-ке жеткенін көрсетуде. Соның 124 665-сі АҚШ-тың үлесіне тура келеді.