Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нью-Йорк тен Уханға дейін: Әлем елдері 2020 жылмен қоштасып, 2021 жылды қалай қарсы алды?
14:50 / 2021-01-04

ФОТОТОПТАМА

Бүкіл әлемді қорқыныш билеген 2020 жыл аяқталып, адамзат тарихында жаңа бағытқа жол ашқан ХХІ ғасырдың 2021 жылы басталды. 

Жер шарындағы көптеген елдер тәжіндетінің салдарынан Жаңа жылдық мерекені көңілдегідей өткізе алмады. Кейбір елдерде коронавирусқа байланысты түрлі шектеулер кедергі болса, басқаларында басқаша түс алғаны байқалған. «Meduza» порталының жариялаған фотосуреттер топтамасы осы көріністерді бейнелеген.

Нью-Йорк, Таймс-сквердегі көрініс
Мәскеудегі Қызыл алаңда болған от шашу
Мумбайда өткен Жаңа жылдық мерекелік кеште коронавирус түріндегі қуыршақ отқа тасталған
Тіпті Рио жағалауында Жаңа жылдық мереке қарапайым түрде өткен
Ванкувердегі дәстүр бойынша Жаңа жылды халық костюм киіп жаппай жүзуден бастайды, мұны жергілікті халық «Polar bear swim» деп атайды. Биыл осы дәтүрге COVID-19 байланысты тыйым салынған еді, бірақ бұл кейбір канадалықтарды тоқтата алмады.
Коменданттық сағаты енгізілгеніне орай Рим көшелері бос кеңістікте қалып кеткендей
Лондондағы Тауэр көпірі үстінде болған от шашу
Дубайдағы Бурдж-Халифа жылдағыдай керемет көріністе Жаңа жылдық от шашуды өткізді. Оны тамашалауға әлемнің түрлі елдерінен мыңдаған адам келген.
Жаңа жыл қарсаңында Сиднейдегі Харбор-Бриж көпірінде болған от шашудан көрініс.
Токиода коронавирусқа қарсы шектеулер енгізілген болса да, адамдар біраз серуен құрған.
Коронавирустың отаны болған Ухань қаласы Жаңа жылды осылай қарсы алды. Шамамен бір жыл бұрын коронавирус алғаш рет осы қалада пайда болған еді.
Бейжіңде 2021 жылдың алғашқы таңы осылай қарсы алынған.