Нью-Йорк тарихында алғаш рет мэр Құранмен ант берді
Зоһран Мамдани ресми түрде Нью-Йорк қаласының мэрі қызметіне кірісті. Ол ант беру рәсімі кезінде Құранға қол қойып ант етті. Бұл – қала мэрі мұсылмандардың қасиетті кітабын пайдаланып ант берген алғашқы жағдай.
Айта кету керек, бұған дейінгі мэрлердің басым бөлігі қызметіне кірісу барысында Інжілге ант берген. АҚШ-тың федералдық заңнамасына, сондай-ақ штат пен қала конституцияларына сәйкес, ант беру рәсімінде діни кітапты пайдалану міндетті емес.
Ант беру салтанаты Жаңа жыл қарсаңында түн ортасында қаланың ең көне метро бекеттерінің бірі – мэрияның дәл астында орналасқан City Hall метро станциясында өтті.
«Бұл – өмір бойына берілетін зор мәртебе мен айрықша сенім», – деді Зоһран Мамдани.