Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нью-Мексикодағы мектептегі атыстан бір оқушы қаза тапты
10:18 / 2021-08-14

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Альбукеркедегі орта мектебінде атыс болып, бір оқушы қаза тапты.

РИА Новостидің хабарлауынша, оқ тиіп қаза болған оқушы 13 жаста болған.

«Бізге Альбукерке қаласының орталығындағы Вашингтон атындағы мектепте атыс туралы хабарлама түсті. Біз көп ұзамай ол жердегі екі оқушының арасында оқ ату оқиғасы болғанын білдік. Олардың бірі екіншісін атып тастаған. Кім атқан болса, қазір қамауда, біз тергеу жүргіземіз. Өкінішке орай, оққа ұшқан студент қайтыс болды», - деген жергілікті полиция бастығының орынбасары Кайл Хартсок.