Нью-Мексико прокуратурасы Алек Болдуиннен қасақана адам өлтірді деген айыпты алып тастады
Нью-Мексико штатының прокуратурасы актер Алек Болдуинге кинофильм түсірілімінде оператор Галина Хатчинсті қасақана өлтіргені үшін тағылған айыпты алып тастады.
The New York Times газеті келтірген Болдуиннің адвокаттарының мәлімдемесінде: «Біз Алек Болдуинге қарсы істі тоқтату шешіміне қуаныштымыз және осы қайғылы оқиғаның фактілері мен мән-жайларын дұрыс тергеуге шақырамыз».
Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылы күз айында болған. Онда Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңында «Раст» вестернінің түсірілімінде картинада басты рөлді сомдаушы - танымал Голливуд актері Алек Болдуин кездейсоқ оқ атып оператор Галина Хатчинсті өлтіріп алған еді.