English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
NVIDIA ұялы процессорлар шығаратын ARM компаниясын сатып алды
00:34 / 2020-09-15

NVIDIA компаниясы мобильді құрылғыларға арналған процессорлар өндірушісі ARM компаниясын 40 миллиард долларға сатып алғанын жариялады


Бейнекарталар шығарушы NVIDIA компаниясы мобильді құрылғыларға арналған процессорлар өндірушісі ARM компаниясын 40 миллиард долларға сатып алғанын жариялады. Сатып алу туралы келісім 1,5 жыл ішінде аяқталуы жоспраланған.

1990 жылы негізі қаланған британдық компания мобильді құрылғыларға арналған процессорлар шығаратын болып, оның өнімдері «Android» және «iOS» операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын планшеттер мен смартфондарда қолданылады.

NVIDIA компаниясының жариялаған хабарында, ARM штаб-пәтері Кембриджде қалады. Сонымен қатар компания NVIDIA құрамына енеген болса да, оның өнімділік моделі өзгермейтіні айтылған. Ал ARM компаниясын сатып алудан көздеген негізгі мақсат NVIDIA жасанды интеллект бойынша зерттеулерді дамытпақ.

Бұдан бөлек NVIDIA өз инвестициясын қазіргі заманғы ARM-ге негізделген жасанды интеллект суперкомпьютері мен бағдарлама әзірлеушілерді оқыту орталықтарына салуды көздеген. Орталық Ұлыбританиядағы ARM базасына құрылатын болады.