Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Nvidia корпорациясы бір күнде 300 миллиард доллар жоғалтты
10:24 / 2024-09-05

Жасанды интеллект чипі нарығындағы ірі компания саналатын Nvidia корпорациясы акцияларының құнсыздануы нәтижесінде бір күнде шамамен 300 миллиард доллар жоғалтты.

«Коммерсант» хабарлауынша, салыстырмалы түрде айтқанда, бағалы қағаздардың құны онша көп емес, шамамен 10 пайызға арзандады. 

Сарапшылар мұндай құлдырауды монополияға қарсы органдардың әрекеттерімен байланыстыруда. Бұған дейін АҚШ Әділет министрлігі компанияға сұрау салған болатын. Сұрауда компанияның өз клиенттеріне басқа жеткізушілердің қызметтерін пайдалануға рұқсат бермейтіні туралы ақпарат сұралған. Nvidia компаниясы жасанды интеллект чиптері нарығындағы ең ірі компания саналатыны және көптеген әзірлеушілердің тікелей осы компанияға тәуелді болып қалғаны атап өтілген.

Америка заңнамасына сәйкес, корпорация нарықта дерлік жалғыз ойыншыға айналатын деңгейге жетуі мүмкін, бірақ ол кейіннен нарықты монополияға айналдыруға бағытталған әрекеттер жасауға құқылы емес. Яғни, ол, әдетте, бәсекелестердің пайда болуына кедергі жасай алмайды.

Бұған дейін жасанды интеллект саласындағы компаниялар үлкен соққыға ұшыраған болатын. Америкадағы S&P 500 және NASDAQ индекстері (ірі технологиялық корпорацияларда елеулі үлесі бар) тиісінше 2 пайызға және 3 пайызға төмендеді. Нарық қатысушылары мұны жасанды интеллектке қатысты үміті мен инвесторлардың болжамдары ақталмай жатқанымен түсіндіреді.