Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды
22:27 / 2021-04-28

Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, 28 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтіп онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартып, атаулы лауазымды елдің іс басындағы Президенті атқаруы тиістігін айтқан.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас та тартпаймын. Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», - деген Нұрсұлтан Назарбаев.