Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасында екенін мәлімеді
19:05 / 2022-01-18

Соңғы уақытта БАҚ-тарда түрлі қауесет тарауына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасында екенін айтты.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, ол бұл туралы бейнеүндеуінде жариялаған. 

«Маған келіп жатқан көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты айтарым мынау. Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді, уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын», - деді ол халыққа жасаған бейнеүндеуінде.

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің тізгіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін еске салады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитаның ішінде ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл төңіректегі қауесеттер мүлдем негізсіз», - деген Нұрсұлтан Назарбаев.