Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Өзбекстан-Қазақстан бизнес форумы және іскерлік кеңесінің 4-ші отырысын өтті.
Инвестиция және сыртқы сауда министрлігінің мәліметінше, атаулы шараға екі елдің негізгі министрліктері, ведомстволары, салалық қауымдастықтары, сауда-өнеркәсіп палаталары, холдинг компаниялары мен іскер топ өкілдері қатысты.
Тараптар екі елдің тауар өндірушілері арасында өнеркәсіптік кооперацияны құрудың, сол арқылы Өзбекстан мен Қазақстан экономикасының салыстырмалы басымдықтарын ескере отырып, үздіксіз қосылған құн тізбегін қалыптастырудың кең перспективаларын атап өтті. Осы саладағы ынтымақтастықтың нақты мысалдары келтірілді. Атап айтқанда, екі елде тоқыма, автомобиль жасау, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорындар сәтті іске қосылды. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өндірістік кооперацияны кеңейту және тереңдету бойынша жеке «Жол картасын» жүзеге асыруда да табыстарға қол жеткізілді. Бұл саладағы ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде жаңа перспективалық жобаларды әзірлеуге және бірлескен іскерлік ынтымақтастыққа кәсіпкерлерді тартуға екі жақта мүдделі екені айтылды.

Осы орайда тың бастама – екі елдің шекарасында Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын құру ерекше атап өтілді. Орталық қажетті өндірістік инфрақұрылыммен жабдықталады. Оның тұрғындары өзбекстандық және қазақстандық кәсіпкерлерді бірлескен кәсіпорындар құруға тартатын бірқатар жеңілдіктер мен преференцияларға ие болады.
Форум соңында жалпы құны 5,9 млрд долларды құрайтын сауда келісімдері мен бірлескен жобаларды және бастамаларды жүзеге асыру туралы екіжақты келісімдерге қол қойылды.