Нұр-Сұлтан қаласында Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды
Өзбекстан Президентінің Қазасқтанға мемлекеттік сапары аясында ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды.
Ашылу салтанатына Президент екі ел Президенттері Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Онда екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Мемлекет басшылары елшілікте жасалған жағдаймен танысты.
Дипломатиялық өкілдіктің аумағында бас ғимарат, консулдық бөлім, қызметкерлер үйі, дипломатиялық өкілдік басшысының резиденциясы, балалар және спорт алаңдары, кітапхана мәжіліс және конференциялар залы орналасқан.


Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев елшіліктің Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.






