English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Новак Джоковичке US Open финалындағы әрекеті үшін айыппұл салынды
12:25 / 2021-09-14

Серб теннисшісі Новак Джокович US Open турнирінің финалында ресейлік Даниил Медведевке есе жіберді.

Тартысты өткен финал кездесуінде ол спортшыға тән емес қимылдар жасап, ракеткасын жерге ұрып сындырды. Джоковичке бұл әрекеті үшін 5 мың доллар айыппұл салынған.

Еске сала кетейік, «Үлкен дулыға» турнирінің US Open чемпионатында Даниил Медведев үш сетте де 6/4, 6/4, 6/4 есебінде жеңіп, Новак Джоковичтің тарихи нәтижеге қол жеткізуіне жол бермеді. 

Егер Новак Джокович финалда жеңіске жеткенде, ол маусым барысында «Үлкен дулыға» турнирінің барлық турнирлерінде жеңіске жетіп, аңызға айналған теннисші Род Лавердің нәтижесін қайталайтын еді. «Үлкен дулыға» чемпиондық атағы серб теннисшісіде 20 бойынша қалды. Бұл нәтиже Роджер Федерер мен Рафаэль Надальда бар.