Новак Джокович «Ролан Гаррос» чемпионы атанды
Сербиялық теннисші Новак Джокович Ролан Гаррос» турнирінде чемпион атанды.
Әлемнің үшінші ракеткасы 3 сағат 16 минутқа жалғасқан финал кездесуінде норвегиялық Каспур Руудты 7:6, 6:3, 7:5 есебінде жеңді.
Бұл Джоковичтің мансабындағы үшінші «Ролан Гаррос» жеңісі болды. Жалпы, ол «Үлкен дулыға» турнирін 23-рет жеңіске жетті.
Осы жеңісі арқылы ол 2 300 000 еуро және 2 000 рейтингтік ұпайға ие болды.
Осылайша, Новак Джокович әлемдік рейтингте бірінші орынға қайта оралды.