Новак Джокович Australian Open жеңімпазы атанды
Сербиялық теннисшісі Новак Джокович маусымның алғашқы турнирі Australian Open-де жеңімпаз атанды.
Әлемнің бірінші ракеткасы финалда ресейлік Даниил Медведевпен кездесті. 1 сағат 54 минутқа созылған ойында 33 жасты сербиялық теннисші 7:5, 6:2, 6:2 есебінде жеңіп, кезекті рет Австралия ашық чемпионатында жеңісті қанжығалады.

Джокович Australian Open турнирі тарихында 9 рет финалда кортқа шыққан және 9 рет жеңіске жеткен.