Әлемнің бірінші ракеткасы сербялық Новак Джокович Australian Open турниріне қатысатын болды.
Теннисші іnstagram желісінде: «Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, махаббат және бақыт тілеймін. Жақындарыммен керемет уақыт өткіздім және бүгін мен Австралияға (вакцинадан) босатылғандық рұқсатымен бара жатырмын», - деп жазған.
Australian Open турнирі 17 қаңтарда Мельбурн қаласында басталады. Джокович – турнирдің тоғыз дүркін және ең кейінгі жеңімпазы.
Маусымдағы бірінші «Үлкен дулыға» турнирінің ұйымдастырушылары барлық бәсекелестерден коронавирусқа қарсы екпе алуды немесе тәуелсіз сарапшылар тобы берген медициналық жеңілдікті талап етуде. Бұған дейін 34 жастағы сербялық өзінің COVID-19-ға қарсы екпе алған-алмағанын айтудан бірнеше рет бас тартқан болатын.
Осы жағдайға орай ол медициналық себептерге байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинациядан босатылған.