Норвегияның Берген қаласындағы әуежай әуе айлағында дрон байқағалғаннан кейін жұмысын екі жарым сағатқа тоқтатты.
Associated Press хабарынша, полицейлер оқиғаға күдіктілерді әзірге анықтаған жоқ.
«Біз ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың бар-жоғын білмейміз, бірақ кем дегенде біреуі болғанына сенімдіміз», - деген полиция өкілі.
Әуежай жылына 6 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін Норвегиядағы екінші ең үлкен әуежай. Сонымен қатар, ол солтүстік Еуропадағы ең ірілердің бірі болып табылатын Хаконсверндегі Норвегияның негізгі әскери-теңіз базасының жанында орналасқан.
Сонымен қатар, Фордадағы шағын әуежай маңында тағы бір ұшқышсыз ұшақ байқалып, оның жұмысы да қысқа уақытқа тоқтаған.
Басылым соңғы апталарда норвегиялық мұнай-газ платформалары мен инфрақұрылымы маңында дрондар туралы көптеген хабарламалар болғанын атап өтті. Avinor копаниясының дерегінше 2022 жылы дрондар азаматтық әуежайлар аймағында 50 рет, оның ішінде шілде айынан бастап 27 рет бақылаған.
Мұндай оқиға 2019 жылы 44, 2020 жылы 14, 2021 жылы 17 жағдай болған.