Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Норвегияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді
10:19 / 2022-06-01

Норвегияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам анықталды.

«Бүгін Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институтына (FHI) Викен аймағында маймыл шешегінің расталған жағдайы туралы хабарланды», - делінген FHI сайтында.

Науқас жақында шетелден қайтып оралған азамат. Денсаулық сақтау қызметі науқастың контактілерін іздестіріп, аурудың одан әрі таралу қаупі өте төмен екенін айтқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша қазірде әлемнің 23 елінде маймылдың 250-ден астам расталған және 120-дан астам күдікті жағдай тіркелген. Нигерияда осы дерттен ілеспе ауруы бар 30 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) адамдар арасында маймыл вирусының таралуына қатысты жағдайдың пандемиялық деңгейге жетпейтінін айтқан болатын.