Норвегияда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар санының күрт көбеюі анти-рекорд орнатып ел коронавирустың үшінші толқынына тап болды.
NRK телекомпаниясының мәліметінше, өткен тәулікте Норвегияда індет жұқтырған адамдардың саны 1156 адамды құраған. Ал, Ослода 495 жағдай тіркелген.
Бұл жағдайға Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Бент Хёйе, жаңа шектеулер алынып тасталмайтынын айтып, «Коронавирустың ең жұқпалы түрі, әсіресе Ослодағы науқастар санының күрт өсуіне әкеліп соқтырғанын көріп отырмыз. Сондықтан Осло, Викена және басқа кейбір жерлерде күшіне енеген қатаң шараларды елдің басқа бөліктерінде де енгізу қажет», - деген министр.
Оның пікірінше, егер жағдай жақсармаса, ұлттық деңгейде шаралар қабылдау қажет болсатынын ескерткен.
Пандемия басталғалы Норвегияда 82,4 мыңнан астам азамат коронавирусқа шалдыққан және одан бүгінге дейін 70,2 мынан көбі сауығып шықты. Өлім саны 641-ге жеткен.