Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Норвегияда электромобильдер саны бензинмен жүретін автокөліктер санынан асып түсті
16:00 / 2024-09-19

Норвегияда электромобильдер саны алғаш рет бензинмен жүретін автокөліктер санынан асып түсті.

Норвегияның Жол қозғалысы бойынша ақпарат кеңесі дерегінше, елде жалпы 2,8 миллион жеңіл автокөлік тіркелген. Оның ішінде 754 303 электромобиль, 753 905 бензинмен жүретін автокөліктер. Гибрид автомобильдердің саны шамамен 366 мың. Сондай-ақ, миллионға жуық дизельді көліктер бар, бірақ олардың саны азайып барады.

«Бұл тарихи оқиға. Он жыл бұрын мұндай болатынын ешкім күтпеген еді. Жеңіл автомобильдер паркін электрлендіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, Норвегия жеңіл автомобильдер паркінде электромобильдер басым болатын әлемдегі бірінші мемлекет болу үшін жылдам қадам жасауда», — деді Жол қозғалысы бойынша ақпарат кеңесінің директоры Оивинд Солберг Торсен.

Оның болжамына сәйкес, 2026 жылға қарай елдегі электромобильдер саны дизельді автомобильдер санынан да асып кетеді.