Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Норвегияда барлық карантиндік шектеулер алынып тасталады
09:11 / 2021-09-25

Норвегия үкіметі 25 қыркүйектен бастап барлық карантиндік ережелер мен шектеулерді жояды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Норвегия премьер-министрі Эрна Солберг әлеуметтік қашықтық енді қажет болмайтынын, түнгі клубтар ашылатынын және мейрамханалар қалыпты жұмысына оралатынын мәлімдеген.

«Біз Норвегияда ең қатаң шараларды қолданғанымызға 561 күн болды. Қалыпты өмірге оралу уақыты келді. Қысқасы, біз қазір әдеттегідей өмірге қайтамыз», - деген ол.

Норвегияның Қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша, ел тұрғындарының шамамен 76 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған, ал халықтың 67 пайызы толық егілген.