French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Норвегияда 100 жылға жететін алып минералды кен орны табылды
15:47 / 2023-07-12

Норвегияның оңтүстік-батысында сирек кездесетін пайдалы қазбалардың кен орны табылды, ол планетадағы ең ірісі болып табылады.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл кен орындары тыңайтқыштарға, күн батареяларына және электр көліктерінің аккумуляторларына деген әлемдік сұранысты алдағы онжылдықтарда қанағаттандыруға жеткілікті болады.

2018 жылдан бері бұл жерде өндірумен айналысатын Norge Mining компаниясы 70 миллион тонна пайдалы қазбаның табылғанын хабарлады.

Олардың ішінде көптеген «жасыл» технологияларды дамытудың негізгі элементі болып саналатын фосфат, әсіресе - фосфатты тыңайтқыштарды өндіру үшін кеңінен қолданылады. Еуропаның соңғы уақытта бастан кешіп жатқан жеткізу мәселесін ескере отырып, бұл табылған жағдай өте пайдалы болды.