Норвегия Палестинаны мемлекет ретінде мойындайтынын жариялады
Норвегияның премьер-министрі елінің Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде 28 мамырда мойындайтынын мәлімдеді.
«Норвегия үкіметінің шешіміне сәйкес, Норвегия Палестинаны мемлекет ретінде таниды. Он мыңдаған адамдар қаза тауып, жараланған соғыстың ортасында біз израильдіктерге де, палестиналықтарға да саяси шешім ұсынатын жалғыз баламаны сақтауымыз керек: бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүретін екі мемлекет», - деген Йонас Гар Сторе мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, Скандинавия елі 28 мамырдан бастап Палестинаны мемлекет ретінде мойындайды.